Оны кім ілгені белгісіз. Мүмкін Лондонда оқып жатқан немесе сонда тұратын қазақстандық болар. Ең бір қызығы, бұл плакат марафонның соңына дейін ілулі тұрды. Бұл туралы оқиғаны Казбек Бейсебаев өзінің фейсбук парақшасында жария етті.
Тағы бір таңқаларлығы, плакатты ұстап тұрған жерлестерімізді ешкім ұстап әкеткен жоқ. Тіпті бұл плакатты жол жиегіне ілуге ағылшын полицейлерінің өздері келіп көмектескен көрінеді.
«Плакат рұқсатсыз ілінген. Бұл акция туралы біздің Сыртқы істер министрлігі мен парламент депутаттары не дейді? Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрінің де пікірін білгіміз келеді», – дейді Казбек Бейсебаев.
...Ал бізде рұқсатсыз плакат ілгендер ұсталады.
Пікір қалдыру